389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев еліміздің Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілерін тағайындады

  • 253
  • UPD: 18:03, 26.08.2019
Қ.Тоқаев еліміздің Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілерін тағайындады

Президент бірқатар тағайындау жасады.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар мемлекет басшысыны жарлықтарымен:

Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;

Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Дереккөз: akorda.kz

Хабар 24 телеарнасы