389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытаймен стратегиялық әріптестік орнатуымыз заңдылық - Берік Уәли

  • 275
  • UPD: 16:47, 13.09.2019
Қытаймен стратегиялық әріптестік орнатуымыз заңдылық - Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына екікүндік мемлекеттік сапары барысында 10 маңызды құжатқа қол қойылды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мырза мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың арасында өте жоғары деңгейдегі келіссөз өтті. Бұдан бөлек, президент көрші елдің бірқатар мемлекет қайраткерімен, іскер топ өкілдерімен жүздесті», - деді Берік Уәли.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының ұстаздарымен, студенттерімен кездесіп, олардың алдында дәріс оқыған. Сол жақта оқып жүрген студенттерімізбен де кездесіп қайтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ханчжоу қаласында Қытайдың әлемдік нарыққа инновациялық өнімдерін шығаратын Hikvision компаниясының және жаһандық интернет сауда саласының көшбасшысы саналатын Alibaba Group компаниясының штаб-пәтерінде болып, компанияның негізгін қалаған Джек Мамен кездескен болатын. Мемлекет басшысы кездесу барысында Джек Маға қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай әлемдік челленджге үн қосқаны үшін алғысын білдірді.

«Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан территориялық тұрғыдан әлемдегі екі алып мемлекетпен құрлықтағы шекарасы бар. Оның бірі Ресей болса, шығысымызда - Қытай мемлекеті. Қазіргі таңда еліміздің 1782 шақырым шекарасы осы Қытаймен шектеседі. Бұл үлкен құрлықтық шекара болып есептеледі. Көршілес, іргелес тұрған елмен араласпай, алыс-беріс жасамай тұра алмаймыз. Қытай біздің Құдай қосқан көршіміз. Сол себепті Қытаймен байланысымызды орнықтыруымыз, мәңгілік стратегиялық әріптестік орнатуымыз заңдылық»,-  деді президенттің баспасөз хатшысы.

Хабар 24 телеарнасы