389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пан Ги Мун қазақ-корей байланысын нығайтуға атсалысуға дайын

  • 180
  • UPD: 10:02, 20.09.2019
Пан Ги Мун қазақ-корей байланысын нығайтуға атсалысуға дайын

Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы бас хатшысы Қазақстан мен Корея арасындағы қатынастарды нығайтуға көмектесуге дайын.

Бұл туралы Пан Ги Мун Сеулде еліміздің Сыртқы істер министрлігі басшылығымен болған кездесуде мәлімдеді.  Бұрынғы бас хатшы Қазақстанның тұңғыш Президентін құрметтейтінін және оның біріккен ұлттар ұйымындағы бастамаларын қолдайтынын атап өтті. Осыдан он жыл бұрын Пан ұйымды басқарған кезде Қазақстанның бастамасы бойынша жиырма тоғызыншы тамыз халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн болып жарияланды. «Мен 2010 жылы Семей ядролық полигонына  бардым және Қазақстанның саясаты дұрыс жолда екенін көрдім» деді саясаткер. 

Пан Ги Мун, БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы:

- Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты бұрыннан, тіпті сыртқы істер министрі болған кезден білемін. Біріккен Ұлттар Ұйымында бірге жұмыс істеген кезімізде бәрі оны құрметтейтін. Ол Қазақстанның Ұйымындағы ең танымал өкілдерінің бірі болды. Қазір Қазақстан мен Корея арасындағы қатынастар жаңа деңгейге көтерілді. Атап айтқанда, осы жылдың сәуір айында Корея Президенті Мун Чже Ин Нұр-Сұлтанға сапармен келді. Сондай-ақ Қазақстанның сыртқы істер министрі Сеулге сапарымен барды.

Хабар 24 телеарнасы