384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Катар делегациясын қабылдады

  • 151
  • UPD: 15:15, 03.12.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла Әл Тани бастаған ірі қаржы құрылымдарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуда қаржы саласындағы өзара іс-қимылдар, инвестиция тарту және «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы мәселелер талқыланды. Қазақстан Президенті Катар делегациясының осы сапары өзара ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беруі тиіс екенін атап өтті. Өз кезегінде, Абдалла Әл Тани Катар басшылығының Президентке, Үкіметке және Қазақстан халқына жолдаған сәлемін жеткізді. Одан бөлек, екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасының тезірек ашылуы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайта түседі деген пікір айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Биылғы маусым айында Душанбеде Катар әмірімен кездестім. Сол кезде біз екі мемлекет арасында дәнекер болатын нақты іс-қимылдарды күшейту жөнінде уағдаластық. Мен оны Қазақстан астанасына ресми сапармен келуге шақырдым. Осыған байланысты сіздердің сапарларыңыздың біз үшін маңызы аса зор деп ойлаймын.

Абдалла Әл Тани,  Катар орталық банкінің төрағасы:

– Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын білесіздер. Біздің сапарымыз осы үрдіске қолдау көрсетуге бағытталады. Елдеріміздің қаржылық құрылымдары арасында терең әрі тығыз байланыстар орнаған. Біз бір-бірімізбен банк, қаржы және инвестиция бағыттары бойынша ықпалдастық жасап келеміз. Кеше «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында Катардағы ірі банктердің бірінің филиалын ашу жөнінде уағдаластық.

 

Хабар 24 телеарнасы