423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар сауда қызметін реттеу туралы заңды толықтыруды ұсынды

  • 622
  • UPD: 17:44, 04.12.2019

Бүгін мәжіліс депутаттары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне қосылатын сауда үстемесін заңнамалық деңгейде белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Оның мөлшері ең жоғары дегенде 10 процент мөлшерде болуы керек», – дейді олар. Мәжілісмендердің пікірінше, жаңа норма баға саясатын реттеп,  бақылауды  күшейтуге көмектеседі. Сауда қызметін реттеу туралы қолданыстағы заң қазіргі уақытпен  сәйкес келмейді. Осыған байланысты депутаттар сауда және интеграция министрлігіне жаңа заң әзірлеуді ұсынды. Құжатта бағаны реттеу тетіктері мен тұтыну тауарларына шекті сауда үстеме бағалары нақты анықталатын болады. Бұл әсіресе, азық-түлік, көмір, газ және дәрі-дәрмектерге қатысты болмақ.

Наринэ Микаелян, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Ұлттық экономика министрлігі мен монополияға қарсы комитет өткен айда әлеуметтік маңызы бар өнімдерді өндірушілерге тауардың өз бағасына қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы есеп беру жайында  хабарлама таратты. Кезінде Мәжіліс  сауда қызметіне қатысты заңды қарағанда әлеуметтік маңызы бар тауарды жеткізушілерден   ретро-бонусты  өндіріп алуына жол бермеу туралы норманы қолдаған болатын. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, жекелеген жағдайларда бизнесмендер жеткізілген тауар партиясы құнының 30 процентіне дейінгі көлемде ретро-бонус төлейді. Данияда бұл кемсітушілік болып табылады, ал Францияда ретро бонусты қолданғаны үшін айыппұл салынады.

Хабар 24 телеарнасы