Мемлекет басшысы «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің өлшемдері бекітілетін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Ақпарат көзі: Ақорда сайты