375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент Украина мәселесіне қатысты пікір білдірді

  • 253
  • UPD: 08:06, 06.12.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапары аясында Украинаның шығысындағы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Канцлер Ангела Меркельмен келіссөзден кейін Президентке бауырлас елдің қазіргі жағдайы жөнінде сұрақ қойылды. Қазақстан басшысы Украинамен достық әрі әріптестік байланыс барын алға тартып, келешегіне бей-жай қарамайтынын білдірді. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина мәселесін шешу жөніндегі ұсынысын еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Тұңғыш Президентіміз Қазақстан аумағында Украина мәселесін шешуге бағытталған бітімгерлік ұсыныс жасады. Дегенмен, арадағы келіспеушіліктерге ең алдымен Норманд форматындағы жиында нүкте қойылады деген ойдамыз. Бұл басқосу 9 желтоқсанда Парижде өткелі тұр. Тараптарға сәттілік тілейміз. Украинамен бізді достық әрі жан-жақты әріптестік байланыстырады. Украина халқына құрметпен қараймыз. Олар бейбіт те берекелі өмір сүруге лайықты.

Хабар 24 телеарнасы