439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

  • 213
  • UPD: 15:47, 11.02.2020
Сеулде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев бастаған қазақстандық делегация Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың 10-шы отырысына қатысты.

Корей делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Гон басқарды.

Отырыс аясында екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, соның ішінде инвестиция мен жаңа технологияларды тарту, өзара тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін растай отырып, алдағы уақытта да екіжақты және көпжақты деңгейлердегі қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға келісті.

Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы