435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан: Елбасы жолы

  • 191
  • UPD: 16:14, 20.03.2020

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың уақытпен сыналған саясаты әлі де өзекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болашаққа бастар жол өзіңнен басталады. Елбасы кітапханасының ұжымы жастарды осылай қанаттандырады. Ал бүгінгі жас – жаңа мемлекеттік аппараттың келешек иесі.

«Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» стратегиялары. Бас-аяғы 30 жылда еліміз дамыған 50 елдің қатарына кіруді мұрат етіп қоймай, сол мақсатқа адымдап қадам басты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды әлем халқына бірлік сүйетін, араз елдердің арасын жақындататын, тіпті ядролық қару сияқты аждаһадан бас тартқан мемлекет ретінде танытты. Тұңғыш Президент – Елбасы мүзейіндегі 11 мың жәдігер соған дәлел. Ал осынау еңбек пен жемісті нәтиже ұрпаққа мұра болып қоймай, заңды жалғасын табуы керек.

Күләйша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

- Осы 2019-2020 жылы біздің кітапханамыз жаңа саяси жағдайға байланысты өте көп арнайы жобаларды орындады. Оның қатарында біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыз. Біздің қорымызды арнайы жүйелендіріп, жетілдіру ғана емес, енді оны үлкен айналымға енгізу. Біздің зерттеушілеріміздің қолдарына ерекше құнды деректерді беру. Сол міндеттерді атқара отырып, біз тек қана ішкі жұмыстармен айналыспай, көпшілікпен өте көп атқарып отырмыз.

2019 жылдың 19 наурызында Қазақстан тарихының жаңа парағы ашылды. Тұңғыш Президент билік тізгінін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Ал қазақстандықтар Президент ауысқан соң Ұлт көшбасшысын жаңаша тануға ұмтылған.

Күләйша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

– «Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір тұлғасы» деген көшпелі жобамыз 2019 жылы Қызылорда және Жамбыл облысына барып келдік. Біз облыстарға барғанда қалалармен шектелмей, шалғайда жатқан ауыл мекендерге барып келдік.

Нұрсұлтан Назарбаев – Азия әлемінің ақсақалы. Көптеген президент халықаралық мәселелерде Елбасы пікірімен санасады. Ал билік транзитін бастан кешкен Қазақстан бұдан былай халық үніне құлақ асатын мемлекет болмақ.

Санат Көшкімбаев, ҚСЗИ директорының орынбасары:

- Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы Тұңғыш Президентпен тікелей байланысты. Әлем үшін Қазақстан мен Назарбаев бір ұғымдай. Елбасы бірқатар халықаралық ұйымның құрметті төрағасы. Әсіресе, Азиядағы беделі жоғары. Бұл – Қазақстанның абыройы. Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты осы үрдісті жалғайды, әрине.

Қазақстанның мемлекеттік аппараты жаңарады, яғни жасарады. Былтырғы Жастар жылының Волонтер жылы болып, жалғасын табуы тегін емес дейді мамандар. Бұл ретте Елбасының «Ел ертеңі – жастар» дегені еске түседі.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы