423,09 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде өтетін Сенат сайлауын кімдер бақылайды?   

  • 284
  • UPD: 15:30, 07.08.2020

Елімізде өтетін Сенат сайлауын шетелден 10 маман келіп бақылайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық сайлау комиссиясы шетелдік байқаушылардың тізімін жасақтады. Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінен 5 бірдей маман келеді. Әзербайжан елшілігі 2 адамды, Түркия, Өзбекстан және Қырғыз елі бір-бір дипломаттан жібергелі отыр. Жоғары палата депутаттарын сайлау 12 тамыз күні өтеді. 94 кандидат бақ сынамақ.

Берік Имашев, ҚР ОСК төрағасы:

– Естеріңізде болса, биыл 24 шілдесінде ОСК қаулысы негізінде халықаралық сайлау институты ашылған еді. Сайлау заңнамасына сәйкес, кеше 18:00-де халықаралық байқаушыларды акредиттеу аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы