422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандағы партиялар рейтингі сауалнама арқылы анықталды

  • 95
  • UPD: 19:45, 13.11.2020

«Егер сайлау келесі жексенбіде өткізілсе, онда сіз қандай саяси партияға дауыс бересіз?» «Қоғамдық пікір» зерттеу институты көпшілік арасында осындай сауалнама жүргізген.

1 мың 200 респонденттің 72,1 проценті  Nur Otan партиясына сенім білдірген. 

5,1 проценті «Ақ жолға»

2,9 проценті «Халық» партиясына

2,7 проценті «Ауыл» партиясына дауыс беретінін айтқан. 

Ал Жалпы Социал Демократиялық  Партиясына  – 2,3 процент; бұрынғы «Бірлік», қазіргі «Адал» партиясы 1,9% процент дауыс жинаған.

Сұраққа жауап бергендердің 13  процентіне таңдау жасау қиынға түскен. Тұрғындардың  66,7 проценті дауыс беруге ниетті екен. Ал 15,4 проценті парламент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеген. Сондай-ақ әлі шешім қабылдамағандар да бар болып шықты.

Хабар 24 телеарнасы