418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік кәсіпкерлер Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • 90
  • UPD: 11:37, 16.12.2020

Тау-кен өндірісі бойынша әлемге әйгілі КАМ-ЭКОУ компаниясының президенті және ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің мүшесі Тим Гитцель қазақ елін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Қазақстан-Канада Іскерлік Кеңесінің тең төрағасы 25 жылдан бері 2 ел арасындағы алыс-берістің арқасында сертіне берік әріптестерді ғана емес, сондай-ақ сөзіне адал достарды таптым деп ағынан жарылды. Қазақ елінің қонақжайлығы мен мәдениеттілігі мені бірден баурап алды дейді кәсіпкер.

Тим Гитцель, тау-кен компаниясының президенті: 

- Қазақстан ерекше ел. Іскерлік мағынада ғана емес. Өйткені жұмыс сапарларынан бөлек мен Қазақстанға отбасыммен бірге барып тұрамын. Қазақ халқының табиғатын түсіне бастадым, кең пейілді екеніне көзім жеткен. Осы орайда мен Қазақстандағы шет елдік инвесторлар кеңесінің мүшесі екендігімді мақтан тұтамын. Президент Тоқаевтың төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-пленарлық сессиясына қатысу мәртебесіне де ие болдым. Көптеген жылдар бойы Қазақстан және Канада елдерінің арасындағы инвестиция, сауда-саттық, білім беру, денсаулық сақтау және дипломатиялық қарым қатынастың нығая түскендігі мені ерекше қуантады. Бұл бүгінгі 29 жылдық тәуелсіздіктің жемісі деп білемін. Мерекелеріңізбен шын көңіліммен құттықтаймын.

Хабар 24 телеарнасы