389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада спорт апталығы өтті

  • 777
  • UPD: 08:23, 07.04.2017

Астанада спорт апталығы өтті.

1 сәуірден бастап қаладағы барлық спорт кешені мен ойын-сауық орталығында 10-ға жуық спорт түрі бойынша көрсетілімдер болды. Жұрт оны тамашалап қана қоймай, қатысуға да мүмкіндік алды. Бұқараға кеңінен насихатталып жатқан каратэ, таэквондо, ауыр атлетикадан бөлек, асық ату мен саятшылық сияқты спорттың ұлттық түрлері де бар. Бұған қоса ұйымдастырушылар балалар үйінің 30-ға тарта тәрбиленушілерін шақырып, аталған бағыттарда шеберлік сағаттарын өткізді.

Қуаныш Сейітмағамбетов, ұйымдастырушы:

- Енді кім біледі, осы көрермендердің арасынан қазақ елінің туын көкке көтеретін Олимпиада, әлем жұлдыздары шығып жатса, бұл нұр үстіне нұр болады деген сенімдеміз. Негізгі түпкі ойымыз осы еді. Және де осы іс-шара еліміздің басқа да қалаларында өтіп жатса, тек қана жақсылық болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы