384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ронда Роузидің кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды

  • 509
  • UPD: 23:21, 21.04.2017
Ронда Роузидің кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды Sports.ru

Ронда Роузи MMA спортшысы Трэвис Браунға тұрмысқа шығады.

Екеуінің некелескені туралы Трэвистің өзі мәлімдеген. Жаңа Зеландиядағы демалыс уақытында спортшы Рондаға шаңырақ құру туралы ұсыныс жасаған. Дегенмен тойдың қай күнге белгіленгені туралы сұраққа жауап бермеген.

«Мен Ронда үшін шынымен де қуаныштымын және тойларына міндетті түрде барамын», - дейді UFC президенті Дана Уайт.

Роузидің еншісінде ММА-дегі 14 жекпе-жек бар. Соның 12-сінде ол жеңіске жеткен.

Ал соңғы екеуінде Ронда Миша Тейт пен Аманда Нунеске есе жіберді.

Трэвис Браун  ауыр салмақта айқасатын жекпе-жек шебері. Ол спорттық карьерасында әзірге 25 кездесу өткізіп, соның 18-інде қарсыласынан басым түскен, деп жазады eurosport.ru.

Хабар 24 телеарнасы