385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


8 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

  • 517
  • UPD: 11:02, 04.05.2017
8 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

69 келіге дейінгі салмақта қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов ширек финалда қытайлық Лю Вэйді жеңіп, жартылай финалға шықты.

Ал Қамшыбек Қоңқабаев үндістандық қарсыласы Сатиш Кумарды 5:0 есебімен жеңіп, жолдаманы жеңіп алды.

Осыған дейін Қайрат Ералиев, Василий Левит, Бекдәулет Ибрагимов, Әбілхан Аманқұл мен Азамат Исақұлов жартылай финалға жолдама алған болатын.

Ташкенттегі Азия чемпионатында Гамбургте (Германия) өтетін Әлем чемпионатына 60 жолдама беріледі. Яғни әр салмақта үздік алтылыққа енген боксшылар ие болады.

Хабар 24 телеарнасы