383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда «Сарыарқа» командасы «Соколды» жеңді

  • 720
  • UPD: 19:18, 22.09.2017

Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсетіп жатқан «Сарыарқа» кеше өз айдынында «Соколды» жеңді. Айдын иелері алғашқы болып есеп ашқаннан кейін Красноярскіден келген қонақтар таразы басын теңестірді.

Тіпті арада 4 минут өткен соң олар тағы бір мәрте шайба енгізіп, төске өрледі. Алайда Юксеев пен Валицкий соққан қос шайба қонақтарды сабаға түсірді. Қонақтар бұл жағдаймен келіспейтіндіктерін көрсетіп, таблодағы көрсеткішті 3:3 қылды. Ойын аяқталуға 6 минут қалғанда Ердаков ерлеп, командасын жеңіске жетеледі. Енді «Сарыарқа» 23 қыркүйек күні «Ермак» деген командаға қарсы ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы