385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеңілмеген қазақ боксшысы қарсыласын 64-секундта нокаутқа жіберді

  • 595
  • UPD: 08:46, 28.10.2017
Жеңілмеген қазақ боксшысы қарсыласын 64-секундта нокаутқа жіберді

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Монреальдағы жергілікті кіші Ив Юлисс (14-0, 9КО) пен Стив Кладжетт (25-4-1, 17КО) арасындағы жекпе-жек аясында өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутқа жіберді.

Жүкембаев мексикалық Хосе Эмилио Переаны 64-секундта сұлатып түсірді, деп жазады vesti.kz. 

Осылайша жерлесіміз кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне (оның тоғызы нокаутпен) қол жеткізіп отыр. 24 рет жеңіске жеткен Переа болса тоғызыншы рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Хабар 24 телеарнасы