386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джиу-джитсу шеберлері әлем чемпионатына аттанады

  • 607
  • UPD: 17:58, 15.11.2017

Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері әлем чемпионатына дайындалып жатыр.

Колумбияның Багота қаласында өтетін халықаралық сайыс келесі аптада басталады.

80-ге тарта мемлекеттің спортшылары қатысатын әлем біріншілігіне еліміздің атынан 23 жігіт сынға түседі. Қазір ұлттық құраманың спортшылары Астанада оқу-жаттығу жиынында жүр. Жаттықтырушылар жалпы командалық есепте үздіктер қатарынан көрініп, қомақты жүлде ұтып алуды жоспарлап отыр.

Былтыр әлем чемпионы атанған Дархан Нортаев пен Елдос Қабденов биыл да топ жарудан үмітті. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына 21 қарашада аттанады.

Әшім Қали, аға жаттықтырушы:

– Біз өз бабымызды деп ойлаймыз. Себебі бұл жігіттер, бұл құрама бір жыл іріктеуден өткен. Талай-талай жарыстардан өткен құрама мүшелері. Жеңіл салмақтарда екі әлем чемпионымыздың біреуі Бразилияда дайындалып жатыр. Сол Колумбияның қасында көрші елде. Екінші әлем чемпионымыз Талдықорған қаласында жеке дайындалып жатыр.  

Хабар 24 телеарнасы