378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда ардагерлер арасында волейболдан халықаралық турнир өтті

  • 654
  • UPD: 15:32, 20.11.2017

Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында Жетісу кубогы үшін волейболдан ардагерлер арасында өткен халықаралық турнир мәреге жетті.

Жарысқа Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан және Ресей Федерациясына қарасты Тыва мен Бурятия Республикаларының командалары қатысты.

Турнирдың жүлде қоры 3 миллион теңгеге жуық. Жеңімпаздар үш күннің ішінде анықталды. Бас жүлде Ресей командасына бұйырса, екінші мен үшінші орынды қазақстандық және тывалық волейболшылар еншіледі. Алғаш рет өткен халықаралық турнир енді дәстүрлі жарысқа айналмақ.

Тұратбек Шарапиев, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Бұл енді біріншіден, ұйымдастырып жатқан турнирдың негізгі шарты ауыспалы болады. Биыл Қазақстанда болса, ендігі жылы Моңғолияда келісіп жатыр. Одан арғы жылы Ресей алады ма сол жарыста анықталады.

Хабар 24 телеарнасы