384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық Нұржан Сейдуәлі джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

  • 470
  • UPD: 17:52, 04.12.2017

Биылғы дүниежүзілік дода Колубия астанасы Богота қаласында өткен болатын.

Оған 37 елден 350-ден астам спортшы қатысты. Солардың арасынан 56 келі дәрежесінде өнер көрсететін қарағандылық шебер барлық жекпе-жегін айқын жеңіспен аяқтады. Нұржанның жүлдесінен бөлек ұлттық құрама қоржынында 2 күміс және 5 қола жүлде бар. Осының арқасында Қазақстан спортшылары жалпыкомандалық есепте III орын алды.

Қуат Сағиев,  джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы:

- Командалық есепте III орын алдық. Қазақстан бірінші рет осындай жетістікке жетіп отыр. Басқа мемлекеттерден келген қарсыластарымыз бізді мойындады.

Хабар 24 телеарнасы