387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік бобслейші А.Воевода спорттан өмір бойына аластатылады

  • 512
  • UPD: 19:24, 19.12.2017

Ресейдегі допинг дауының әсері тағы бір Олимпиада чемпионын атағынан айырды.

Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы бобслейден Сочи ойындарының екі дүркін жеңімпазы Алексей Воевода допинг қолданған деген шешім шығарды. Енді спортшының Олимпиададағы нәтижесі жойылып, спорттан өмір бойы аластатылады. Сонымен қатар Олимпиаданың алтын медальдарын кері қайтарады. 37 жастағы спортшы бұл айыптаулармен келіскен жоқ. Воевода Сочиде жұптасып жарыста және төрт адамдық бәсекеде топ жарған болатын.

Хабар 24 телеарнасы