384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан жастары хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионына шықты

  • 606
  • UPD: 22:54, 05.01.2018
Қазақстан жастары хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионына шықты Atameken Business Channel

Баффалода өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Беларусь құрамасы Дания командасынан ұтылып (4:5, 2:3 Б), элиталы дивизиондағы орнынан айырылды.

Енді элиталы дивизионда Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді. Бұл туралы ҚР Олимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады. 

Келесі жастар арасындағы әлем чемпионаты 2018 жылдың 26 желтоқсанында басталып, келесі жылдың 5 қаңтарында аяқталады. Аталмыш жарысқа 10 команда қатысады: Қазақстан, Канада, Чехия, Швеция, АҚШ, Ресей, Финляндия, Словакия, Швейцария және Дания. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан жастар құрамасы бірінші дивизионның «А» тобында бес кездесуін жеңіспен аяқтап, элиталы дивизионға жолдама алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы