387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин WBN нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздігі атанды

  • 494
  • UPD: 12:27, 19.01.2018
Головкин WBN нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздігі атанды Матрица.kz

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) WorldBoxingNews нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы атанды.

Жеңімпаз дауыс беру арқылы таңдалды. Сауалнамаға қатысқандардың 7200, яғни 48 пайызы қазақстандық былғары қолғап шеберіне даусын берген. Ал екінші орынға WBO чемпиондық белбеуінің иегері Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) жайғасты. Үздік үштікті аса ауыр салмақтағы WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа (20-0, 20 КО) түйіндеді.

Айта кетейік, Головкин мен
«Канело» арасындағы бірінші кездесуде T-Mobile Arena спорт кешешінде жанкүйерлерді жинау көрсеткіші бойынша рекорд орнатты. Ал жалпы кездесудің билеттерінің табысын бұл жекпе-жек бокс тарихында үшінші орынға жайғасты. Daily Mail порталының мәліметі бойынша, бұл кездесу үшін қазақстандық боксшы 25 миллион долар табыс тапса, мексикалық одан 10 миллион көп табыс тапқан.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы