384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дэвис кубогы: Ширек финалда Қазақстан Хорватиямен кездеседі

  • 466
  • UPD: 13:57, 05.02.2018
Дэвис кубогы: Ширек финалда Қазақстан Хорватиямен кездеседі vesti.kz

Теннистен Дэвис кубогының ширек финалындағы Қазақстан құрамасының қарсыласы белгілі болды.

Ширек финалда біздің теннисшілер Хорватия құрамасымен кездеседі. Хорватия өз кезегінде Канада құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Қазақстан мен Хорватия құрамасы бұған дейін өзара кездесу өткізбеген. Сондықтан ойынның өтетін жері жеребенің қорытындысы бойынша анықталады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Швейцария құрамасын жеңген еді.

Ақпарат көзі: vesti.kz 

Хабар 24 телеарнасы