385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фристайлшы Дмитрий Рейхердтың финалдық сында жолы болмады

  • 420
  • UPD: 23:31, 12.02.2018
Фристайлшы Дмитрий Рейхердтың финалдық сында жолы болмады sport.gov.kz

Ұлттық құрама қоржынына тағы бір медаль салады деген Дмитрий Рейхердтың финалдық сында жолы болмады.

Осыдан бірер минут бұрын фристайлдың могул түрі бойынша ерлер арасындағы бәсеке аяқталды. Ел намысын қорғаған Дмитрий Рейхерд жалпы есепте тек 7-орынға тұрақтады. Ал екінші жерлесіміз Павел Колмаков одан бір саты төмен орналасты. Осылайша қос спортшы да медальды сарапқа салатын алдыңғы алтылыққа іліге алмады. Ал ең жоғары ұпайды канадалық Микаэль Кингсбери еншіледі. Екінші орында австралиялық спортшы болса, Жапониядан келген фристайл шебері үздік үштікті түйіндеді.

Хабар 24 телеарнасы