376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық өрендер әлемге әйгілі баскетболшымен кездесті

  • 1246
  • UPD: 20:14, 20.02.2018

Оралдық өрендер есімі әлемге әйгілі баскетболшы Әлжан Жармұхамедовпен кездесті.

Әлжан Мүсірбекұлы Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Әлемнің және Еуропаның бірнеше мәрте, ал КСРО-ның 9 дүркін чемпионы. Орал қаласы мен Зеленов ауданынан келген спортсүйер жастар аңыз адамнан қолтаңба алып, естелікке суретке түсті. Баскетболшының қатысуымен болған тарихи сәтті бейнелеген «Движение вверх» фильмін бірге тамашалады. Киноны түсіруге 1972 жылы Мюнхен Олимпиадасында КСРО мен АҚШ  арасындағы финалдық матч арқау болған. Ойын аяқталуға 3 секунд қалған кездегі шиеленісті сәттер, жеңіске деген шексіз құштарлық оларды олимпиада чемпионы атандырды. Әлжан Жармұхамбетов сондай-ақ «Рухани жаңғыру» музейінде жастармен кездесіп, спорттағы және өміріндегі елеулі сәттерінен тағылымды естеліктер айтты. 

Әлжан Жармұхамедов, Олимпиада чемпионы:

- 1972 жылы олимпиадада сборная СССР финалда ойнаған еді америка командасымен. Олар 1972 жылға дейін олар ұтылмаған. Баскетбол командасы бірінші рет жеңіс болған еді. Ойнаңыздар баскетбол, өте қызықты ойын.   

Нұр Сәлім, әуесқой баскетболшы:

- Маған ұнағаны, мұнда көп эмоциялар және мұнда шын сәттер, көптеген финалдық кездесулерде болған эмоциялар ұнады. Осы ағамызға рахмет, КСРО туының астында ойнап Қазақстан елін әлемге танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз.

Хабар 24 телеарнасы