376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан баскетболшылары арасында үздіктер анықталды

  • 872
  • UPD: 17:56, 08.03.2018
Қазақстан баскетболшылары арасында үздіктер анықталды

«Астана» баскетболшылары Қазақстан кубогының иегері атанды.

Финалда «Атырау барыстарымен» кездескен елорда командасы 72:61 есебімен басым түсті. Алтыншы мәрте ел кубогын ұтып алған «Астана» енді ұлттық лигада топ жаруды көздейді. Қазақстан кубогының қола медалі Қостанайдың «Тобылына» бұйырды. Ойыншылар арасында да үздіктер анықталды. «Каспий» клубының қорғаушысы Азим Ягодкин үздік үйлестіруші деп танылса, оның командаласы Павел Михеев орталық алаңның мықтысы атанды. «Тобыл» ойыншысы Шаим Қуанов қорғаушылар арасында үздік шықты. «Астаналықтар» Рустам Ерғали мен Александр Жигулин шабуылшылар шебінің мықтысы болды.

Хабар 24 телеарнасы