378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл каратэден Азия чемпионаты Астанада өтеді

  • 349
  • UPD: 19:42, 15.05.2018
Биыл каратэден Азия чемпионаты Астанада өтеді

Азияның ең үздік каратэшілері бірер аптадан кейін елордаға жиналады.

Астана биыл құрлықтық чемпионатты қабылдау құметіне ие болды. Ал, оған қазақстандық киокушин шеберлерінің халықаралық додалардағы соңғы жетістіктері себеп. Мәселен, жерлестеріміз мамыр айының басында Жапония ашық чемпионатынан 4 бірдей алтын ұтып, тарихи жеңіске қол жеткізген еді. Ал жыл басында Украинадан өткен әлем чемпионатынан 12 алтынмен оралып, өзіндік рекорд тіркеді. Міне ұлттық құраманың осы және өзге де жетістіктерін негізге алған халықаралық федерация Азия чемпионатын өткізуге Астана әбден лайық деп таныды. Құрлықтық дода 16-17 маусым күндері елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтеді. Оған ондаған елдің спортшылары келеді деп күтіліп отыр.

Сайрамбек Ербатырұлы, республикалық киокушинкайкан каратэ федерациясы президентінің орынбасары:

- Астанадағы Азия чемпионаты ашық үлгіде болады. Сондықтан қатысуға ниет танытып жатқандар өте көп. Бұл ұлттық құраманың шеберлігін шыңдап, біліктілігін арттыруға жақсы мүмкіндік. Жерлестеріміз осы жауапты жарыстың алдында Алматы және Астана қалаларында оқу-жаттыуларын пысықтайды.

Хабар 24 телеарнасы