365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швеция Оңтүстік Корея құрамасын пенальти арқылы ұтты

  • 388
  • UPD: 20:07, 18.06.2018
Швеция Оңтүстік Корея құрамасын пенальти арқылы ұтты Интересные факты

«F» тобындағы екінші ойында Швеция құрамасы Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен ұтты.

Ойындағы жалғыз пенальтиден соғылды, деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

Екі құрама арасындағы ойын Нижний Новгородта өтті. Бірінші таймда 0:0 есебімен тең тарқасқан құрамалар екінші таймда гол соғуға асықты.

64-минутта кәріс жартылай қорғаушысы Ким Мин У өз айып алаңында хавбек Виктор Классонға қарсы ойын ережесін бұзды. Басында бас төреші Хоэль Агильяр пенальти белгілеген жоқ. Видеоқайталауды қарау нәтижесінде пенальти болады деп шешім қабылдады.

11 метрлік айып соққысынан Андреас Гранквист мүлт кеткен жоқ. Бұл гол шведтерге жеңіс сыйлады.

Айта кетейік, кеше бұл топта Мексика құрамасы Германияны 1:0 есебімен ұтқан болатын.

Осы категория бойынша: « Қазақстан құрамасы каратэден Азия чемпионатында топ жарды Әлем біріншілігінде жеңісті голды соққан сербиялық футболшы сыйлыққа көлік алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы