365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда дүние жүзінен келген қазақтар арасында шағын футбол жарысы өтті

  • 270
  • UPD: 19:17, 14.07.2018

ER JANIBEK CUP – 2018. Петропавлда осындай атаумен дүние жүзі қазақтары жастары арасында шағын футболдан халықаралық турнир өтіп жатыр.

Тартысты бәсекеге Түркия, Дания, Иран, Ресей, Франция сынды әлемнің он мемлекетінен 25 құрама келген. Олар  алдағы екі күн бойы шаршы алаңда өзара мықтыны анықтайды. Айта кету керек, бұл байқау осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Биыл Сегіз Серінің 200 жылдық мерейтойына орайластырылды. Мақсат – салауатты өмір салтын насихаттап, шетелдегі қазақ жастарының басын қосу. Ал турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командаға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы бар.

Арғынбек Гуляш, турнирге қатысушы /Түркия/:

- Қазақ елінен, Қазақстаннан бізді шақырғаннан кейін жас жігіттерді жинадық та келдік. Өз Отандарын көрсін, қазақ елін көрсін деп. Шақыру жібергендерге, осыны ұйымдастырғандарға көп рахмет айтамыз. Австрия-Дания құрамасы дейді. Сол екі елдің жігіттері. Соңғы минутта бір гол соғып, 2-1 есебімен жеңіп шықтық. Күшті болды матч.

Осы категория бойынша: « Елордада қазақ халқының ұлттық ойындарынан жарыс өтіп жатыр Бельгия құрамасы әлем чемпионатында үшінші орынды жеңіп алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы