368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан азаматтығын алған ресейлік теннисшілер туралы «Kazakh TV» арнасы көрсетеді

  • 204
  • UPD: 19:53, 17.07.2018

Жасөспірімдер арасында әлемнің экс-бірінші ракеткасы ресейлік Тимофей Скатов пен оның отандасы Елена Рыбакина Қазақстан азаматтығын алғаны белгілі.

Ұлттық құраманың капитаны Диас Досқараев теннисшілердің қарымы мен болашағы жайлы «Sports nation» бағдарламасының тілшілеріне айтып берді. Бұл сұхбатты ертең «Kazakh TV» арнасынан таңғы 9.20-да, 15.20-да және кешкі 9.25-те көре аласыздар.

Диас Досқараев, теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны:

– Рыбакина мен Скатов біздің жастардың өсуіне жол ашады. Қазір Дастан Тәжболатов деген теннисшіміздің деңгейі жақсы. Ол үлкен шлем жарыстарына қатысуға дайын. Дастан мен Скатов құрдас, олар жұптық сындай ойнай алады. Сондықтан Тәжболатовқа қолдау мен бәсекелестік қажет.

Осы категория бойынша: « Роналду: «Ювентус» – әлемдегі ең үздік клубтардың бірі Футболдан 2022 жылы өтетін әлем чемпионаты Қазақстанда көрсетіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы