374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азия чемпионаты: «Алтай» волейболшылары жүлделі орыннан тыс қалды

  • 246
  • UPD: 17:32, 19.07.2018
Азия чемпионаты: «Алтай» волейболшылары жүлделі орыннан тыс қалды

Өскеменде волейболдан әйелдер командалары арасында Азия чемпионаты аяқталды.

Жарыс қожайындары «Алтай» жүлделі орыннан сырт қалды. Үшінші орын үшін болған матчта Юрий Панченко шәкірттері Қытайдан ұтылып қалды. Шығысқазақстандық команда 0:2 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестірген. Алайда шешуші партияда қытай бұрымдылары басым түсті. Құрлықтың сегіз клубы сынға түскен сайыстың финалында Таиланд пен Жапония қыздары кездесті. Бес партияға созылған тартысты ойында тай қыздары жеңіске жетті. «Супрем» клубы Өскеменде екінші жыл қатарынан құрлық чемпионы атанды.

Вилаван Апиньяпон, Таиланд командасының капитаны:

- Қазақстан бұл жарысты өткізуге өте жақсы дайындалыпты. Барлығы жан-жақты ұйымдастырылған. Біз ештеңеден қиналмадық. Бәрі дайын. Сондықтан әлем чемпионатын да өткізе алады деп айта аламын.

Осы категория бойынша: « «Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты «Тур де Франс»: Якоб Фульсанг 12-орынға төмендеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы