369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана»-«Мидтьюлланд» матчына кімнің төрелік ететіні белгілі болды

  • 252
  • UPD: 09:09, 24.07.2018
«Астана»-«Мидтьюлланд» матчына кімнің төрелік ететіні белгілі болды

«Астана» футбол клубы өз алаңында даниялық «Мидтьюлланд» командасын қабылдайды.

УЕФА Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы матч тартысты өтуі тиіс. Астаналық клубтың белді ойыншысы Абзал Бейсебековтың айтуынша, аяқ допшыларымыз кездесуге тыңғылықты дайындалып, қарсыластың қарым-қабілетін зерттеген. Оның үстіне «Астана» командасының сапы жаңа ойыншылармен толығып отыр. «Астана Аренада» өтетін матчқа Раду Петреску бастаған румыниялық төрешілер құрамы қазылық етеді. Ойын кешкі сағат сегізде басталады.

Роман Григорчук, «Астана» футбол клубының бас бапкері:

-  Ойын өте тартысты болады. Жанкүйерлер нағыз шайқасты көреді. Жауапты матч болған соң жаңа ойыншаларды белгілі уақытқа шектеп қана шығарамыз. Алаңда негізгі құрамның ойыншылары өнер көрсетеді. Қатарымызға енді қосылғандар үшін әлі де екі аптадай дайындық қажет. Олар Даниядағы қарымта кездесуде толық ойнауы мүмкін.

Осы категория бойынша: « Қазақстан құрамасының 2018 жылғы Азия ойындарына арналған киім үлгісі таныстырылды УЕФА Чемпиондар лигасы: «Астана» «Мидтьюлландті» қабылдайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы