360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Конор МакГрегор қарсыласын тышқанға тенеді

  • 221
  • UPD: 22:35, 21.09.2018

Ережесіз жекпе-жектің айтулы спортшылары Конор МакГрегор мен Хабиб Нурмагомедов алғаш рет бетбе-бет жүздесті.

UFC ұйымы аясындағы екі мықтының жекпе-жегі 6 қазанда Лас-Вегас қаласында өтетіні белгілі. Әлем чемпионы атағын сарапқа салатын жұдырықты жігіттер Нью-Йорктағы баспасөз мәслихатында көз арбасып, сөз таластырып, дайындық барысын тілге тиек етті. Конор қарсыласын тышқанға теңеп, тордың ішінде әбден сабайтынын айтты. Әншейінде басынан сөз асырмайтын Хабиб бұл жолы салқынқандылық танытып, кім күштіні 6 қазанда көрсететінін айтты.

 

«Астана» Еуропа лигасын жақсы нәтижемен бастады

Сырт алаңда «Динамомен» тең ойнаған «Астана» Еуропа лигасын жақсы нәтижемен бастады. Елорда командасы Киевте 2:2 есебімен тең түсіп, абырой жинады. Жергілікті ойыншы Виктор Цыганков есеп ашқан. Артынша Марин Аничич таразы басын теңестірді. Тайм соңына қарай қақпашы Эричтің қателігін ұтымды пайдаланған Денис Гармаш «Динамоны» қайта алға шығарған еді. Алайда матч аяқталар тұста ойынға тыңнан қосылған Роман Мұртазаев таразы басын теңестіріп кетті.

Григорий Бабаян, «Астана» ФК бас бапкері міндетін атқарушы:

– Екінші таймда есеп ұнамады, сондықтан алға ұмтылып, барынша ашылып ойнауға бел будық. Әлбетте, бірқатар шабуылды жіберіп алдық, «Динамо» ойыншыларының гол салып жіберетін қауіпті сәттері де көп болды. Қуанышымызға орай, ойыншыларымыз бір-бірін ұтымды ауыстырып, мінездерін көрсете білді. Лайық ұпайымызды алдық деп ойлаймын.

Осы топтағы екінші ойында «Ренн» «Яблонецтен» 2:1 есебімен басым түсті. «Астана» Еуропа лигасындағы келесі кездесуін 4 қазанда «Ренмен» өткізеді. Матч «Астана-аренада» болады.

 

Альпинистер 20 шыңды бағындырды

Астананың 20 жылдығына отандық альпинистер тамаша тарту жасады. Қазақстандағы 20 шыңға экспедиция ұйымдастырған белсенді топ, спорттық іс-шараны Түркістан облысында аяқтады. Сайрам-Өгем Ұлттық паркінде орналасқан шыңға «Астананың 20 жылдығы»» атауы берілді. Бүгін альпинистер мен мамандар бірнеше айға созылған сапарларын қорытындылап, баспасөз мәслихатын өткізді. Экспедиция бойынша енді жаңа туристік және альпинистік бағыттар жасалып, жиналған мәліметтер ғаламтор арқылы көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы