360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2018 Youth Olympic Games: «Хабар» арнасы ашылу және жабылу рәсімдерін көрсетеді

  • 506
  • UPD: 11:17, 04.10.2018
2018 Youth Olympic Games: «Хабар» арнасы ашылу және жабылу рәсімдерін көрсетеді khabar.kz

Бірер күннен кейін Аргентина астанасында жасөспірімдер арасындағы Олимпиада басталады. Бұл жарысқа еліміздің атынан 57 спортшы қатысуға мүмкіндік алды. Олар 22 спорт түрі бойынша сынға түспек.

«Сарыарқа» велотрегінде ел намысын қорғайтындармен арнайы кездесу өткізіліп, ашылу салтанатында туды ұстап шығатын жерлесіміз анықталды. Бұл құрметке 18 жастағы боксшы Дамир Тойбай лайық деп танылды.

 Аргентинадағы байрақты бәсекеге 206 елден 4 мыңнан аса спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттарын «Хабар» арнасы көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы