366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Альварестің промоутері Головкинмен болуы мүмкін үшінші жекпе-жек жайлы пікір білдірді

  • 180
  • UPD: 17:12, 04.10.2018
Альварестің промоутері Головкинмен болуы мүмкін үшінші жекпе-жек жайлы пікір білдірді USA Today

Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы және орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (50-1-2, 34 КО) ісін жүргізетін промоутер Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне баға берді. 

«Жақында «Канело» – Головкин трилогиясына мүмкіндік бар ма, соны көреміз. Осында WBC конвенциясында Маурисио Сулейман (ұйым президенті), Том Леффлер (Головкиннің промоутері) бар. Біз отырып Саульдің қандай жоспары барын талқылауымыз қажет. Бокс пен «Канелоға» ұтымдысын жасауымыз қажет. Басқасының мәні жоқ. Ең бастысы, адамдар үздік жекпе-жектерді тамашалауы керек. Саульмен сөйлестік (15 желтоқсандағы жекпе-жек жайлы): әлі нақты жоспарымыз жоқ, сондықтан осында келдім. Не болатынын көреміз. Әзірге қарсыласымыз жоқ, бірақ ұсыныс көп», – дейді Де Ла Хойя ESPN Deportes-ке берген сұхбатында. 

Еске салайық, Головкин төрешілер шешімімен жеңілген қарымтадан кейін Альварес рингке 15 желтоқсанда оралмақ, мексикалықтың ықтимал қарсыласы – канадалық Давид Лемье (40-4, 34 KO).

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы