365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теннисші Дастанбек Ташболатов бірінші кезеңде сүрінді

  • 622
Теннисші Дастанбек Ташболатов бірінші кезеңде сүрінді Olympic.kz

Аргентина астанасында жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы жарыс күні басталды. Кортқа шыққан Дастанбек Ташболатов бірінші айналымда жеңіліс тапты деп жазады Olympic.kz

Ташболатов қытайлық Тайпей өкілі Чан Ценгтен екі сет қорытындысы бойынша ұтылды. Есеп - 6:3, 6:4.

Еске сала кетейік, Дастанбек жұптық жəне аралас командалық сында бақ сынайды.

Дастанбек Ташболатов ең соңғылардың бірі болып Олимпиадаға жолдама алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы