366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

МакГрегор UFC президентінен Нурмагомедовпен қарымта ұйымдастырып беруді сұрады

  • 324
  • UPD: 10:41, 09.10.2018
МакГрегор UFC президентінен Нурмагомедовпен қарымта ұйымдастырып беруді сұрады © totaldamage.blog.hu

Алғашқы жекпе-жектің арты төбелеспен бітіп, дауға ұласты.

UFC президенті Дана Уайт екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион ирландиялық Конор МакГрегор қоңырау шылып, ұйымның қазіргі чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен қарымта ұйымдастырып беруді сұрағанын айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегаста өткен UFC 229 турнирінің басты жекпе-жегінде Нурмагомедов төртінші раундта ирландиялық қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңген.

«Алдымен Нурмагомедов Невада штатының атлетикалық комиссиясы алдында жауап беруі тиіс. Бірінші осы жағдайдан кейін Хабибке не болатынын білу қажет. Бірақ Конор маған қоңырау шалды, қарымтаны қалайды, - деп келтіреді Уайттың сөзін TMZ. Тони Фергюсон тамаша өнер көрсетті. Бұл екеуі үш рет жекпе-жек өткізгісі келді, алайда, әр кез өтпей қалды. Енді қалай болатынын көреміз».

Хабар 24 телеарнасы