375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияр Елеусінов АҚШ-тағы өмірі жайлы айтып берді

  • 368
  • UPD: 23:07, 21.12.2018
Данияр Елеусінов АҚШ-тағы өмірі жайлы айтып берді Vesti.kz

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Ярославльдың «Локомотивін» қабылдап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Қонақтар қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы – Роман Старченко. Елорда командасы лигадағы келесі кездесуін 24 желтоқсанда өткізеді. Астанаға Владивостоктың «Адмиралы» келеді.

Бүгін Ақтөбеде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Үш күнге созылған біріншілік тек жекелей сында өтті. Мұз үстінде өрнек салғандар сайысына еліміздің әр аймағынан 72 спортшы қатысты. Қысқа және еркін бағдарламалардың нәтижесі бойынша астаналық Никита Манько топ жарды. Қыздар арасындағы бәсекеде Алматы облысының өкілі Алана Тоқтарова жеңіске жетті. Спорт шеберіне үміткерлер жарысында Диас Жиренбаев пен Мария Гречаная ел чемпионы атанды. 

Каратэден халықаралық турнир басталды

Астанада киокушинкай-кан каратэден халықаралық турнир басталды. «Қазақстан оупен» жарысына елімізден бөлек Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасынан жалпы саны 500-ден аса жекпе-жек шебері келді. «Дәулет» спорт кешеніндегі татами сайысы екі күнге созылады. Бүгін балалар, жасөспірімдер және жастар өз өнерлерін ортаға салды. Ертең ересек спортшылар жарыс алаңына шығады. Халықаралық сын кумитэ және ката тәртібімен өтіп жатыр.

Елеусінов «Sports Nation» бағдарламасына сұхбат берді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов «Sports Nation» бағдарламасына сұхбат беріп, болашақ жоспарларымен бөлісті. Кәсіби рингте бес жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен боксшы жанкүйерлерді қызықтырған сауалдарға жауап берді. Данияр жаңа бапкері мен Эдди Хирн туралы да әңгіме өрбітіп, АҚШ-тағы өмір сүру салтын да сөз етті. Сұхбаттың толық нұсқасын сенбі күні «Қазақ ТВ» арасынан таңғы 9:20, 15:20 және 21:25-те көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы