389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» өз айдынында «Адмиралдан» басым түсті

  • 485
  • UPD: 22:58, 24.12.2018
«Барыс» өз айдынында «Адмиралдан» басым түсті

ҚХЛ-да өнер көрсететін Астананың «Барысы» өз айдынында «Адмиралды» 4:3 есебімен жеңді. 

Алғашқы кезең нағыз тартысқа толы болды. Роман Старченко мен Дастин Бойдтың соққыларына Егор Яковлев пен Денис Вихарев жауап қайтарса, Карел Кубаттың арқасында қонақтар ағла шықты. Елордалықтар сапынан Андре Петерссон есепті теңестірді. Екінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Қорытынды кезеңде шешуші голды Мэттью Фрэттин соғып, жергілікті командаға жеңіс сыйлады – 4:3, деп жазады sports.kz.

28 желтоқсанда «Барыс» Челябіде «Трактормен» кездеседі.

ҚХЛ. «Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Адмирал» (Владивосток, Ресей) – 4:3 (3:3, 0:0, 1:0).

Шайбалар:
1:0 – 03:43 Старченко (Петерссон, Диц).
2:0 – 08:11 Бойд (Волк, Фрэттин).
2:1 – 10:40 Яковлев (Мищенко, Дьяков).
2:2 – 12:58 Вихарев (Глазачев, Воронин).
2:3 – 18:24 Кубат (Феоктистов).
3:3 – 18:57 Петерссон (Кормье).
4:3 – 47:13 Фрэттин (Диц, Маклюков).

«Барыс»: Граховина 00:00-18:24, Карлссон 18:24-60:00 – Семёнов, Блэкер, Полохов, Даллмэн, Диц, Сведберг, Маклюков – Михайлис, Волк, Петухов, Акользин, Кормье, Фрэттин, Петерссон, Бойд, Старченко, Гурков, Сағадеев, Шевченко, Асетов;

«Адмирал»: Красоткин – Захарчук, Козловский, Угольников, Кубат, Дьяков, Мищенко, Кармашков, Таталин – Глазачев, Вихарев, Черников, Стрельцов А., Королёв, Стрельков В., Воронин, Бутузов, Коньков, Зайцев, Феоктистов. 

Хабар 24 телеарнасы