375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік БАҚ: Головкин төрешілер шешімімен жеңіске жете алмайды

  • 566
  • UPD: 23:56, 05.01.2019
Шетелдік БАҚ: Головкин төрешілер шешімімен жеңіске жете алмайды prosports.kz

BoxingInsider.com порталының журналисі Кен Хисснер қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге өз мансабын қалай жалғастыруға болатынын сараптап көрді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Головкин WBO чемпионы Деметриус Андрадемен титулды жекпе-жек өткізе алады. Геннадийде WBA, WBC және IBF титулдары болды, ал WBО оны өз рейтингінде ешқашан бағаламаған еді. Сондай-ақ, IBF чемпионы атанған Дэниэл Джейкобспен реванш өткізуге болады. Головкинге 154 фунтқа түсіп немесе 168 фунтқа жоғарылап, сол жақта жұдырықтасуына болады. Не болмаса, оған қазір бос тұрған WBC титулы үшін немесе суперорта салмақтағы WBA белбеуі үшін жекпе-жек өткізуге де мүмкіндік бар. GGG үшін таңдау көп. Бірақ Головкин қарсыласын нокаутқа түсірмесе, ұпай санымен жеңе алмайтын секілді. Бір нәрсені сенімді айтуға болады – Головкинге Лас-Вегаста тағы да жұдырықтаспау керек, ол жақта әділетті шешім күтпей-ақ қойсын», - деп жазды журналист.

Айта кетейік, Головкин былтыр қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық Сауль Альварестен төрешілер шешімімен жеңіліп, өзінің барлық белбеуінен айырылған болатын. 2017 жылы Лас-Вегастағы алғашқы кездесуінде боксшылар тең түсіп, ол үлкен шу шығарған болатын.

Хабар 24 телеарнасы