375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Астанаға келді

  • 305
  • UPD: 15:21, 31.01.2019

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы пауэрлифтингтен әлем чемпионаты биыл Астанада өтеді, деп жазады «Хабар 24».

Спортшылар 2020 жылы Токиода ұйымдастырылатын Паралимпиада ойындарына берілетін жолдаманы сарапқа салады. Байрақты бәсеке қарсаңында елімізге алғаш рет ресми сапармен Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс келді. Мейман елордадағы паралимпиадалық жаттығу орталығымен танысып, чемпиондарымыз Зүлфия Ғабидуллина және Александр Колядинмен кездесті.

Эндрю Парсонс, Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті:

- Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған бұл жер мені қайран қалдырды. Мен әлем бойынша осы іспетті жаттығу базаларының талайын араладым. Бірақ мұндай орталықты көруім алғаш рет. Мен Қазақстанның паралимпиада спортының дамуына үлес қосып жатқанына алғасымды білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы