378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Месси «Барселона» әдейі жеңіледі» деген айыпқа пікір білдірді

  • 246
  • UPD: 18:21, 31.01.2019
Месси «Барселона» әдейі жеңіледі» деген айыпқа пікір білдірді Sportbox

Каталондық «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси команданың Испания кубогы матчтерінде ұтылмайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Marca.com.

Месси каталондықтар «Севильядан» 0.2 есебімен жеңілгенде «Барсаны» әдейі ұтылды деп айыпталғанын есіне алды. Қарымта матчте «Барселона» 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Форвард жеңіске қатысты пікір білдіріп: «Барлық турнирде жеңіс үшін күресуіміз керек, бұл біздің парызымыз. «Барселонада» бәрі үшін күресуіміз қажет», – деді.

«Барселона» – Испания кубогының иегері. Ал Месси кәсіби карьерасын каталондықтар сапында өткізіп келеді. Осы уақытта ол чемпионатты тоғыз рет ұтты және ұлттық кубокты алты рет иеленген. Сонымен бірге төрт рет чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы