388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мароккода спорттың жаңа түрі танымалдылыққа ие болуда

  • 592
Мароккода спорттың жаңа түрі танымалдылыққа ие болуда

Мароккода айнбол деген жаңа ойын танымалдылыққа ие болуда.

Баскетбол, гандбол, футбол мен жүгіру сияқты спорттық ойынның бірнеше түрін біріктіре алған айнбол Морокко жастарының қызығушылығын оятты. Шарт бойынша түрлі түсті допты қолмен, аяқпен не болмаса, баспен лақтырып себетке түсіру керек. Бұл командалық ойын емес, әр ойыншы өзіне ұпай жинайды. Сондай-ақ ерлермен қоса нәзік жандылар да қатыса алады. Енді Мароккода наурызда алғаш рет айнбол ойыны бойынша халықаралық сайыс өткізілмек.

Хабар 24 телеарнасы