378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболшы Эмилиано Саланың мәйіті танылды

  • 323
  • UPD: 07:45, 09.02.2019
Футболшы Эмилиано Саланың мәйіті танылды

Іс-түзсіз жоғалып кеткен «Кардифф Ситидің» футболшысы Эмилиано Саланың мәйіті танылды.

Бұған дейін спортшының денесі Ла-Маншта апатқа ұшыраған ұшақ қирандыларының арасынан табылған еді.

Еске сала кетейік, әуе кемесі 22 қаңтар күні Франциядан Ұлыбританияға ұшқан болатын.  Бортта екі адам болған. Футболшы және ұшқыш Дэвид Айбботсон.

Эмилиано Сала мансап жолын француздық клубта өткізіп, чемпионаттағы ең мықты шабуылдаушылардың қатарынан көрінді.

Хабар 24 телеарнасы