389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бавария» «Шалькеден» басым түсті

  • 413
  • UPD: 17:42, 10.02.2019
«Бавария» «Шалькеден» басым түсті

Егер «Шалькенің» қорғаушысы Джеффри Брума өз қақпасына гол соқпағанда, бұл ойын мүлде басқаша өрбитін ба еді.

Өйткені қазір «Бавария» футболшылары тоқырауға түсті. Оған дәлел – өткен турдағы көрсеткіші. Ойын басталған сәтте қонақтардың екпіні байқалды. Бірақ Брума допты өз қақпасына бұрып, есеп ашты. Рас, он үш минуттан кейін Ахмед Кутуджу таразы басын теңестірді. Бірақ Роберт Левандовски мен Серж Гнабри бір бір голдан соғып, Мюнхен командасының шоқтығын биіктетті. Қорытынды есеп – 3:1. Бірінші таймда қонақтардың біршама жақсы ойнағанын айтып өттік. Үзілістен кейін сәл сылбыр тартып, алаң иелерінің апшысын қуыра алмады.

Хабар 24 телеарнасы