378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин ESPN-нің әлемнің ең әйгілі спортшылары рейтингіне кірді

  • 184
  • UPD: 12:45, 13.03.2019
Головкин ESPN-нің әлемнің ең әйгілі спортшылары рейтингіне кірді vesti.kz

Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) ESPN телеарнасы құрған әлемнің ең танымал 100 спортшысы рейтінгіне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы бұл тізімде 78-орынға жайғасқан екен. Бір жыл бұрын қазақстандық 61-орында болған.

Рейтинг спортшылардың гонорары, жарнамадан түскен табысы, әлеуметтік желілердегі және Google іздеушісіндегі танымалдылығы негізінде жасалды.

Рейтинг басында португалиялық футболшы Криштиану Роналду. Екінші – америкалық баскетболшы Леброн Джеймс. Үшінші аргентиналық футболшы Лионель Месси тұр.

Хабар 24 телеарнасы