379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда 2020 жылғы Олимпиада ойындарының алауы таныстырылды

  • 172
  • UPD: 10:05, 21.03.2019
Жапонияда 2020 жылғы Олимпиада ойындарының алауы таныстырылды olympic.kz

Жапония астанасы Токиода 2020 жылғы Олимпиада ойындарының алауы таныстырылды.

Жазғы ойындардың алауы сакура секілді безендірілген. Бекітілген тұжырымдама бойынша әрбір «жапырақтан» бөлек от тұтанып, соңында бәрі біртұтас алауға айналады.

Алаудың салмағы 1,2 келіге жуықтайды, биіктігі 71 сантиметр. Алауды дайындау кезінде 2011 жылдың 11 наурызында Жапонияның солтүстік-шығысында жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккендерге уақытша соғылған үйлердегі мыс қолданылды.

2020 жылғы Токио Олимпиадасының алауы дәстүр бойынша Грекияда жағылады. Жеті күннен соң Күншығыс еліне жететін алау эстафетасы 26 наурызда басталады.

Хабар 24 телеарнасы