377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық таеквондошылар Украинадан 12 жүлдемен оралды

  • 120
Қазақстандық таеквондошылар Украинадан 12 жүлдемен оралды prosports.kz

Украинаның Харьков қаласында таеквондодан Ukraine Open G-1 турнирі аяқталды.

Қазақстан командасының негізгі құрамы аталған турнирге қатысқан жоқ. Олар Оңтүстік Кореяда өтетін оқу-жаттығу жиынына дайындалуда. Ал жастар командасы 12 жүлде жеңіп алды. 

73 келідегі Айгүл Елубай алтын медаль тағынса, Мұрат Назаров (58 келі), Айгерім Мұхамеджанова (49 келі) және Нұрай Хусайынова (62 келі) күміс жүлдегерлер қатарына енді. 

Сондай-ақ сегіз спортшы рейтингілік турнирдің қола жүлдегері атанды.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы