378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды марафон басталады

  • 182
  • UPD: 09:51, 21.04.2019

Алматы қаласында өтіп жатқан Орталық Азиядағы ең ауқымды марафонға 17 мың адам қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 2 мыңға жуығы – 53 елден келген меймандар мен спортшылар. Дәстүрге айналған спорттық әрі қайырымдылық шара биыл сегізінші рет өткізіліп отыр.

Алмас Сәдуақас, тілші:

– Бұл марафонды ең жас қатысушылар бастады. 10-14 жас аралығындағы балалар 3 шақырымға жүгіреді. Жалпы марафон 10, 21 және 42 шақырымнан тұрады. Марафонға қатысу ақылы. Ең ұзын қашықтық, яғни 42 шақырымға жүгіргісі келгендер ұймдастру қорына 10 мың теңге төлеуі тиіс. Айта кетелік, өткен жылы осындай марафоннан қайырымдылық қорға 16 млн астам қаржы жиналды. Ал биыл ұйымдастырушылар 25 млн теңге жинауды жоспарлап отыр. «Бұл қаражат Алматы облысындағы нөмірі 15 мектеп интернатына спорт мектебін салуға, Алматыдағы сал ауруына шалдыққан балаларды сауықтыру игілігіне жұмсалады дейді», – ұйымдастырушылар. Марафон өтетін көшелер бойында медициналық көмек көрсететін орындар да қарастырылған. Айта кетелік, марафон түстен кейін аяқталады. Сондықтан Абай, Әл-Фараби, Достық, даңғылдары, Желтоқсан, Назарбаев, Шашкин, Тимирязев пен Шашкин көшелерінің кейбір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шегеріледі.

Хабар 24 телеарнасы